Хабарландыру

Орталық кітапхана

 

Кітапханашыға кәсіби біліктілік, оқырманның ой-пікірін сараптап, сұраныс-талаптарын қанағаттандыруда, жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістер болу керек. Кітапхана қызметкерлері тек кітап емес, оқу залындағы мерзімді басылымдар арқылы, кітапхана қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру арқылы оқырмандарға сапалы кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

 

Аудандық орталық кітапхананың негізгі бағыттары мен міндеттері:

  • ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша насихат жұмыстарын жүргізу;
  • Пайдаланушыларға қызмет көрсетуде жаңалықтар енгізу, кітапхана қызметінің түрлерін кеңейту;
  • Жастар арасында халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, тілін, дінін насихаттай отырып, имандылыққа тәрбиелеу.
  • Кітапхана ісіндегі озық тәжірибені насихаттау, зерделеу
  • Дәстүрлі білім көздері негізінде оқырмандарға кең ауқымды ақпараттық қызмет көрсету.
  • Оқу үрдісіне көмек көрсету.
  • Оқырманға қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру.
  • Оқырманның түрлі дәрежелі топтарына жедел кітапханалық- библиографиялық қызмет көрсетуде орыс және қазақ тілінде әлеуметтік ерекшелігін олардың сұранысын, қызығушылығын ескеру;
  • Мәдени көпшілік шаралар, әңгімелер, шолулар, кітап көрмесін ұйымдастыру,
  • БАҚ-да бөлімді жарнамалау арқылы кітапхана қорын насихаттау, мазмұнын

Оқырмандардың негізгі топтары:

  • оқушылар;
  • студенттер;
  • зейнеткерлер;
  • ЖШС-нің қызметкерлері;
  • ұжым қызметкерлері.

 

Байзақ аудандық орталық кітапханасының құрылымы:

  1. Кітапхананы дамыту бөлімі
  2. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
  3. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі (абонемент)
  4. Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі