Хабарландыру

Кітапхана тарихы

 

ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер,қоғамның ақпараттануы, демократиялануы, коммерциялық үрдістердің өркендеуі, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапхананың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.

 

Бар білімнің қайнар көзі — кітапханада. Білім нұрымен сусындағысы келген әрбір кісінің кітапханаға асығары белгілі.

 

Байзақ ауданындағы алғашқы кітапхана 1939-жылы 3500 дана кітап қорымен, ал ауылдық кітапхана 1500 кітап қорымен, 17 клуб-оқырман залы 85 кітап қорымен оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсете бастады. Аудандық кітапхананың кітап қоры ескі, аз болатын, ал мерзімді басылымға мүлдем жазылмайтын.

 

1979-жылы кітапханаларды орталықтандыру жұмысы аяқталды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 18 ауылдық және 1 аудандық көпшілік кітапхана қамтылды. 1986-жылы кітапхана жүйесіне 44 ауылдық кітапхана кірді.

 

1996-жылы оңтайландыру кезінде ауылдық кітапханалар жабылып, аудандық көпшілік кітапхана ғана халыққа мәдени-көпшілік қызмет көрсетті.

 

Аудандық кітапхананың тарихында әр түрлі жылдарда кітапхана директоры болып П.Г.Приходько, З.Юсупбаева, М.С.Куренкеева, С.Т.Мұсаева, С.П.Караяниди, К.М.Манапова және т.б істеді.

 

1999-жылы ауылдық кітапханалар біртіндеп ашыла бастады.

 

2000-жылы — Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануына байланысты кітапхана жүйесі 19 кітапханаға көбейді.

 

2002-жылы 20 ауылдық, 1 аудандық орталық кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетті.

 

«Ауа адамға қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет», — деп О.Бөкей айтқандай, қазіргі ғылым мен технологияның қарыштап даму кезеңінде оқырмандардың сұраныысын қанағаттандыру мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітап қоры жылдан-жылға көбеюде.