Хабарландыру

Кітапхана туралы

 

Қазіргі уақытта Өмірбекова Салтанат Жақсынбекқызы 1 аудандық орталық, аудандық балалар кітапханасы және 23 ауылдық кітапханаға басшылық жасап, аудан көлеміндегі халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде.

 

Кітапханада 10 қызметкер жұмыс істейді. Аудандық орталық кітапханасында кітапхананы дамыту бөлімі, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі (абонемент), құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

 

Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізгі міндеті – оқырмандарға білім мен ақпаратты үздіксіз пайдалануына барынша жағдай жасау.

 

Барлық кітапханалар ыңғайлыстырылған ғимараттарда орналысқан. Аудандық орталық және аудандық балалар кітапханалары аудандық әль – Фараби атындағы мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан, 13 – ауылдық клуб пен мәдениет үйінде орналасқан, 5 – әкімшілік ғимаратында, 1- жалға алынған ғимаратта, 1 – балабақшада, 1 –мектеп ғимаратында, 1 – жеке ғимаратта,1 – ескі мектеп ғимаратында орналасқан.

 

ОКЖ–де барлығы 35 кітапхана қызметкерлері жұмыс істейді. жоғары білімді -18, оның ішінде арнаулы кітапханалық – 10. Арнаулы орта – 16, оның ішінде арнаулы кітапханалық – 14.

 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша аудандық көпшілік кітапхана, аудандық балалар кітапханасы мен 23 ауылдық кітапханалардың кітап қоры 256946 дана кітапты құрайды. Жылына 16 000 –дай оқырманды қамтамасыз етіп, оларға 267000-дай кітап пен мерзімді басылымды оқуға береді. Өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралар саны 1000-нан асады.

 

Аудан бойынша 25 кітапхана компьютермен қамтылған. Барлық кітапхана интернет желісіне қосылып, кітапханаларда телефон орнатылған. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсаруда. Кітапханалар қазіргі талапқа сай жиһазбен қамтылған.Аудан бойынша РАБИС-ке (республикалық автоматтандырылған кітапханалық жүйе) аудандық орталық, аудандық балалар кітапханасы және 23 ауылдық кітапхана қосылып, кітап қоры электронды каталогқа енгізілуде.

 

Аудандық орталық кітапхана “Мәдени мұра – асыл қазынамыз”, ал Абай ауылдық кітапханасы ”Ұлттың саулығы – ел мерейі”, Бурыл ауылдық кітапханасы «Денсаулық-саламатты өмір кепілі» атты мақсатты-кітапханалық бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.

 

Аудандық орталық кітапхана Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында “Тарихы терең, қойнауы кең өлке” атты жоба бойынша жұмыс істейді.

 

Кітапханалардың оқырмандармен қарым-қатынас жасаудағы жұмыс ерекшеліктерінің бірі – клубтардың толыққанды жұмыс істеуі болып табылады. Жүйе бойынша 8 әуесқойлар клубы жұмыс істейді: аудандық кітапханада «Жас толқын», Мырзатай ауылдық кітапханасында «Бастау», Қостөбе ауылдық кітапханасында «Аруана» мүдделестер клубы, Ынтымақ ауылдық кітапханасында «Жас талант» , Тегістік ауылдық кітапханасында «Талапкер», Абай ауылдық кітапханасында «Өнерпаз», Үлгілі ауылдық кітапханасында «Өнер алды-қызыл тіл», Түймекент ауылдық кітапханасында «Арғынбайтану» атты қызығушылық клубтары ұйымдастырылған. Аталған клубтар оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуіне, қызығушылықтарын, талаптарын кеңейтуге,тығыз қатынаста болуына септігін тигізеді.