Хабарландыру

«Тіл-достықтың тірегі»

Байзақ ауданы, Дихан ауылдық кітапханасында 20 қыркүйек күні «Тіл-достықтың тірегі» деген атпен тақырыптық кеш өткізілді.№2 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Султанбекова Лаззат оқушыларға тіл мәртебесін биік ұстау туралы, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен салт-дәстүрі, тіл ерекшелігі болатынын айтып берді.Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысы, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үштілділік саясатын дамыту туралы айтып өтті.Ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Мамырайымова Мәншүктің ұйымдастыруымен оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, әндер орындады Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Телғараев Дидар «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесінің жанында әдебиеттерге шолу өткізді. Қатысқандар саны – 18.