Хабарландыру

«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа кітап» тақырыбындағы семинар

Байзақ аудандық орталық кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа кітап» тақырыбында семинар болып өтті. Қатысқандар: аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлері мен кітапханаға келген тұрақты оқырмандар. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Г.Манкеева бұл жоба жастарға білім мен тәжірибе беруге бағытталған, білім сапасын жоғарылату, қазақ тілі мен ұлттық сананың дамуына бағытталған жоба екендігі туралы тоқталы келе, гуманитарлық білім салаларының ең озық оқулықтары мен ғылыми еңбектерін мемлекеттік тілге аударып, Қазақстанның жоғары оқу орындарына тегін таратып беруді мақсат еткен еліміздегі бірден-бір жоба екендігі туралы баяндады. Г.Сапаралиева осы жоба бойынша аудандық кітапханаға келіп түскен кітаптармен іс-шараға қатысқандарды таныстырып, әр кітапқа жеке-жеке тоқталып өтті. Іс-шараға қатысқандар өз ойларымен бөлісіп, осындай кітаптардың көптеп келіп түсе беруіне тілектестіктерін білдірді.