Хабарландыру

«Кітапханаға кітап сыйлайық»

Байзақ аудандық орталық кітапханасының «Білім орталығында» «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы аясында Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің ұжымы атынан бас редакторы Татьяна Борисенко аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Умирбековаға кітапхана оқырмандарына оқуға 100 кітап сыйға тартты.Бұл бастамаға Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйытқы болып, бөлімнің бас маманы Қымбат Теміртаева қатысты.Іс шараға кітапхана қызметкерлері мен аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Қатысқандар саны – 20.