Хабарландыру

«Жамбылым қандай тамаша»

Байзақ аудандық орталық кітапхана сіздердің назарларыңызға жаңа түскен әдебиеттерді ұсынады.

Жамбыл облысының мәдениеті мен өнерінің қысқаша тарихынан бастап, қоғамды дамытудағы бүгінгі орны туралы оқырмандарға ақпар беретін бұл кітапта өте көп деректер мен дәйектер, жүздеген адамдардың есімдері бар. Кітап  сонысымен құнды болса керек. Кітаптың басты кейіпкері – мәдениет пен өнер. Кітапта аты аталатын адамдардың бәрі өңірдің мәдениеті мен өнерін жасауға үлес қосқандар.  Туынды көркем шығарма болмаған соң тілі ресмилеу көрінгенімен жатық, жеңіл оқылады. Кітап қалың оқырманға арналған.