Хабарландыру

«Тағдыр етсе Алла…»

                        «Тағдыр етсе Алла…»  Арғынбай Бекбосын

Байзақ аудандық орталық кітапханасы сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар түсімін ұсынады.

Белгілі қаламгер Арғынбай Бокбосынның атауы «Тағдыр етсе Алла…» дейтін ұлы Абай сөзінен алынған бұл кітабына төрт көркем хикаят пен оншақты эссе енгізілсе, олардың баршасының ортақ тақырыбы – Адам тағдыры, қилы замандардағы қилы тағдырлар. Хикаяттарға негізінен балалық шағы екінші жүниежүзілік соғыс кезінде өтіп, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарына қарай есейген ұрпақтың көрген тауқыметтері, алғашқы балғын балауса махаббаты, ізденіс-күресі, азамат ретінде қалыптасуы өзек болса, эсселерде Балуан Шолақ , ұлы Жамбылдың өзі ардақтаған Бармақ ақын, Дінмұхамед Қонаев, Жұмабек Тәшенов , Асанбай Асқаров сынды ұлт тарихындағы айтулы тұлғалардың , сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры  Ақәділ Суханбаевтың, атақты ұстаз-профессор Темірбек Қожекеевтің өмір сорабынан,  тағдырынан бір алуан сыр шертілумен қатар арғы-бергі заманалардың кейбір кескіні мейлінше шыншылдықпен суреттеледі.

Кітаптағы қай туындысы алсаңыз да тілі, стилі аса тартымды, мазмұны ойлы толғамдарға толы. Қалың оқырман көңілінен шығары күмәнсіз…