Хабарландыру

«Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: Тағдырлар қасіреті»

Байзақ аудандық орталық кітапхана сіздердің назарларыңызға жаңа түскен әдебиеттерді ұсынады.

Зерттеу жұмысында  ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы Қазақстанның Оңтүстігіндегі жалпы ішкі саяси жағдайларға талдау жасалынып, жазалау органдарының саяси бағытымен  келіспеушілерді қалай тұқыртып ұстағандығының себеп – салдары фактілік материалдар негізінде айқындалады. Кітапта Оңтүстік өңірдегі жаппай саяси қуғын – сүргінді жүзеге асыру барысындағы жеке тағдырлар қасіреті қарастырылған.

Ұсынылып отырған еңбекте осындай нәубетті саясатты жүргізу барысында Оңтүстік өңірінің барлықтай дерлік обком мен ауком хатшылары және облатком мен ауатком төрағалары  Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдарының құрығына іліккендігі  нақты дәйектеледі. Автор Қазақстанның саяси тарихында болған осы оқиғаларды түйсініп және оның Оңтүстік өңірдегі ерекшеліктерін ұғыну, ондағы ойластырылған қитұрқылар мен тарихи уақыт талайында тағдыр тәлкегіне  ұшырағандардың өмірлік-бақилық өксігін түсіну – ендігі жерде мұндай қасіреттің ешқашан қайталанбауына сеп боларына сенім білдіреді.